«Республика экономикасында 2015 жылғы мамырда, бағалау бойынша 8,6 млн адам жұмыспен қамтылды. Өткен жылғы сәйкес кезеңге қарағанда олардың саны 48,6 мың адамға немесе 0,6%-ға көбейді», - делінген хабарламада.
Оған қоса, жалдамалы қызметкерлердің саны аталған кезеңде 6,1 млн адамды немесе жұмыспен қамтылғандардың жалпы санынан 71,2% құрады.
«2015 жылғы I тоқсан деректері бойынша өз бетінше жұмыспен қамтылғандардың жалпы санынан жұмыспен нәтижелі қамтылғандар үлесі 76,5%, жұмыспен нәтижесіз қамтылғандар - 23,5% құрады», - деп нақтылады Статистика комитетінде.
Бұдан өзге, статистика комитетінің мәліметінше, 2015 жылғы мамырда жұмыссыздар саны, бағалау бойынша 455,6 мың адамды, жұмыссыздық деңгейі 5,0% құрады. Жұмыспен қамту органдарында 2015 жылғы сәуір айының соңына 63,8 мың адам ресми тіркелген. Тіркелген жұмыссыздар үлесі экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың 0,7%-ын құрады.