Кездесуде екіжақты ынтымақтастық мәселелері талқыланды, деп хабарлады ҚР Президентінің баспасөз қызметі.
- Қазақстан мен Канада батыс елдеріндегі жалғасып жатқан дағдарыс кезінде стратегиялық жағынан да, экономикалық табыстары жөнінде ұқсас болып отыр. ЕО мен АҚШ қазақстандық экономиканың 8 пайызға өсуіне қызыға қарайды. Бұл өсім Президент Н.Ә.Назарбаевтың сарабдал экономикалық саясатының арқасында мүмкін болып отыр, - деді Ж. Кретьен.