ҚР БАМ Электронды қызметтерді дамыту басқармасының бастығы Жанат Сәдуақасованың айтуынша, Қазақстан «электрондық үкіметті» халықаралық аренада алғаш рет таныстырды. Көрмеге қатысу - «электрондық үкіметті» енгізу бағытындағы жұмыстардың нәтижесін паш етуге, байланыстарды кеңейтіп, өзге елдердегі әріптестермен тәжірибе алмасуға жақсы мүмкіндік.
Көрмеге қатысушылар egov.kz жобасының құрылу тарихымен, бүгінде портал арқылы қол жетімді сервистер мен қызметтер туралы сондай-ақ, әзірлеушілердің оны жетілдіру бойынша алдағы жоспарларымен таныса алды.
Шетелдік сарапшылар Қазақстанда «электрондық үкіметтің» жоғары даму қарқынын атап өте келе, небәрі 5 жылдың ішінде алғашқы ақпараттық кезеңнен, төртінші - интеграциялық кезеңге дейін жеткендігін айтты.
Еске салсақ, бүгінгі күні wwwHYPERLINK "http://www.egov.kz/".HYPERLINK "http://www.egov.kz/"egovHYPERLINK "http://www.egov.kz/".HYPERLINK "http://www.egov.kz/"kz порталында 70-тен астам электрондық қызметтер мен сервистерді алуға болады. Олардың арасында жоғары сұранысқа иелері - жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар туралы және зейнетақы төлемдері туралы анықтамалар, Жеке әлеуметтік кодтың дубликатын алу, Жолда жүру ережесін бұзғаны үшін айыппұлдарды төлеу сервисі.
GITEX Technology Week 2011 -9-13 қазан аралығында БАӘ, Дубайда өтіп жатқанGITEX Technology Week 2011 ақпараттық технологиялардың белгілі көрмесі және индустриядағы озық әрі белді экспо-алаңы болып табылады.