ҚР Елшілігі Мәскеуде инсульт алған Қазақстан азаматын авиациямен елге жеткізді

Фото: None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Ресейдің Мәскеу қаласында жұмыс барысында инсульт алған Қазақстан азаматы авиациямен Алматы ауруханасына жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Эсхаил үшінРесейге жұмыс сапары оқыс аяқталды. Ер адам Ресей астанасындағы зауыттардыңбірінде жону станогымен жұмыс істеу кезінде инсульт алды. Ауыр сырқаттыңсалдарынан сол жақ бөлігі түгел жансызданып қалған. Жедел жәрдем оны ессізкүйде ауруханаға алып кеткен. Мәскеу ауруханасында екі айға жуық уақыт жатқан ол,Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігінің Консулдық бөлімшесіне көмек сұрап хабарласты»,- делінген ҚР-дың РФ-дағы елшілігінің ресмисайтында.

Көп ұзамайдипломатиялық өкілдіктің араласуымен науқас авиакөлікпен Алматыдағыауруханалардың біріне жеткізілген.

«Консулдыққызметкерінің ілесіп жүруімен Эсхаил Жакупбаев Отанға аман-есен жеткізіліп,медицина қызметкерлерінің қолына тапсырылды», - деді елшіліктен.

Соңғы жаңалықтар