ҚР Елшілігі Жеңіс күні қарсаңында Душанбеде қазақстандық жауынгерлер ескерткішіне гүл шоқтарын қойды

АСТАНА. Мамырдың 7-сі. ҚазАқпарат – Бүгін Отан қорғаушылар күні және Ұлы Жеңістің 64 жылдығы қарсаңында ҚР Елшілігі Душанбеде тәжік-ауған шекарасын қорғау жөніндегі бітімгершілік миссиясын орындауда қаза болған қазақстандық жауынгерлер ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімін ұйымдастырды.

Бұл туралы ҚазАқпаратқа ҚР СІМ баспасөз қызметінен хабарлады.Гүл қою рәсіміне Қазақстанның Тәжікстандағы Елшісі Әбутәліп Ахметов, Ұлы Отан соғысының ардагерлері және Тәжікстанда тұратын қазақстандықтар қатысты. Елші Ә.Ахметов майдангерлерді алдағы Жеңіс күнімен құттықтады. Оларға Елшіліктің атынан материалдық көмек көрсетілді.