Күннің алғашқы жартысында Өзбекстанда тіркелген дипломатиялық миссиялар басшылары Қазақстан Елшілігінде болып, Шанхай ынтымақтастық ұйымының 10 жылдығына арналған фотокөрмені тамашалады.
Сонымен қатар қазақстандық дипломатиялық өкілдіктің ұйымдастыруымен «Мустакиллик» алаңында орналасқан Қайғырып отырған ана ескерткіші жанындағы Мәңгілік алауға және Ташкенттегі «бауырластар зиратына» гүл шоқтарын қою рәсімі болып өтті.