Кездесу барысында Қазақстан-Ливан арасындағы ынтымақтастық барысы талқылай отырып, екі жақты қатынастарды одан әрі ынталандыру жолдары туралы пікір алмасты.
Атап айтқанда, Ливан Республикасының Президентіне екі жақты қатынастарды ынталандырудың жол картасын ұсынып, бұл бағытта жасалып жатқан жұмыс жайында әңгімелеп берді. Қазақстан Республикасының экономикалық және сыртқы саясаттағы жетістіктері туралы қысқаша ақпарат берді. Елбасы Н.Назарбаевтың бастамаларын жан-жақты баяндап, Экспо-2017 көрмесін өткізуде Қазақстан кандидатурысына қолдау көрсеткендігі үшін алғыс білдірді.
Ливан Президенті М.Сулейман өз кезегінде қазақстандық жақ ұсынған екі жақты ынтымақтатстықты дамыту жол картасына толық қолдау білдіре отырып, көтерілген екіжақты маңызды мәселелерді бақылауға алатынына назар аударды. Сонымен қатар, М.Сулейман Елбасының жүргізіп отырған салиқалы саясатына ықыласын білдіре отрып, ҚР Президенті Н.Назарбаевқа жеке ризашылық сәлемін жеткізуді өтінді.