ҚР Елшісі Бейбіт Атамқұлов Малайзияның Жоғарғы билеушісіне сенім грамотасын табыс етті

None
АСТАНА. Шілденің 7-сі. ҚазАқпарат - Куала-Лумпур қаласындағы Король сарайында Қазақстан Республикасының жаңадан тағайындалған елшісі Бейбіт Атамқұлов шілденің 1-інде Малайзияның Жоғарғы билеушісі Янг Ди-Пертуан Агонг XIII Мизан Зайнал Абидинге сенім грамотасын табыс етті, деп хабарлады ҚР СІМ баспасөз қызметі.

Малайзияның Жоғарғы билеушіге қаратып айтқан сөзінде қазақстандық дипломат Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жылы шырайлы сәлемін жеткізді.

Сенім грамотасын тапсыру рәсімінен кейін Корольмен әңгіме болып, оның барысында қазақстандық-малайзиялық қарым-қатынастардың түрлі қырлары талқыланды. Малайзиялық монарх екі ел арасындағы қарым-қатынастардың дамуының үлкен әлеуетін атап өтіп, қазақстандық дипломатқа өзінің қызметін атқару барысына табыс тіледі.