Студенттердің алдында сөз сөйлеген Ш.Нұрышев Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы мен наурыз айының басында жарияланған 5 әлеуметтік бастаманың негізгі бағыттары туралы айтты.
«Өздеріңіз көріп отырғандай, Қазақстан Президенті бастамаларының басым бөлігі жастармен тікелей байланысты, себебі алға қойылған мақсаттарға келешектегі білімді ұрпақтың күш-қуатымен ғана жетуге болады. ҚХР Білім министрлігінің мәліметіне сәйкес, қазіргі уақытта Қытайда 14224 қазақстандық студент біліп алып жатыр. Олардың 2,5 мыңы Бейжіңде оқуда», - деді ол.
Дипломат жеткілікті деңгейде тәртіпті сақтау, патриоттық тәрбие мен ҚР жетістіктерін насихаттау бағытындағы KSAC жұмысына оң баға берді. Сонымен бірге, ол оқудағы үлгермеушілік жағдайларын, қазақстандық азаматтардың қылмыстық жағдайларға тап болуы (төбелес, ішімдік ішу, есірткі қабылдау және т.с.с.), визалық тәртіптің бұзылуы, білім мақсатынан тыс кәсіпкерлікпен немесе өзге де іспен айналысу мәселерін де атап өтті.
Елші студенттерді білім процесіне жіті маңыз беріп, білім көкжиегін кеңейтіп, шетелде еліміздің атын лайықты түрде шығаруға шақырды.
Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры Ерлан Сыдықов жас өрендермен бірге Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бес әлеуметтік бастамасын, «Рухани жаңғыру» мақаласын жүзеге асыру шараларын талқылады. Ол KSAC-қа бір күн бұрын Сианда таныстырылған, қытай тіліне аударылған «Шәкәрім» кітабын табыс етті.
Жиын ерекше өтті десе болады. Студенттер ректор Ерлан Сыдықовқа студенттік өмірге, ҚР мен ҚХР Жоғарғы оқу орындары арасындағы академиялық байланысқа, сонымен қатар оқудан кейін Қазақстанда жұмыс тұруға қатысты көптеген сауалдарын қоюуға мүмкіндік алды.
Жиын соңында Қазақстан Елшісі оқуда және қоғамдық жұмыста озат танылған студенттерге Алғыс хат табыстады.
«Мемлекет басшысы техникалық мамандық бойынша гранттар санының өсуін бастама етіп көтеріп отыр. Шетелдік ЖОО-лардан кем түспейтін біздің университеттердің дамуына осыншама қаражат бөлінгені қуантады. Мәселен, менің көптеген таныстарым Назарбаев Университетіне түскісі келеді. Әлбетте, бұл тұрғыда ең бірінші кезекте біз қазақстандық білім мен ғылымның техникалық білімін дамыта білуіміз керек», - деп сұхбат берді қытайлың ЖОО-лардың біріндегі «авиациялық қозғалтқыш» факультеті докторантурасының 2-ші курс студенті Максим Овчинников.