деп хабарлайды Қазақстанның ГФР-дағы елшілігі.
Қала мэрі обербургомистр Дитер Саломонмен кездесу барысында екіжақты ынтымақтастық мәселелері және білім беру, экологиялық, денсаулық сақтау сияқты басым салалардағы нақтылы жобаларды іске асыру мүмкіндіктері талқыланды.
Елші Н.Оңжанов сондай-ақ қазақстан-неміс университетінің неміс жоғары оқу орындарымен ойдағыдай ынтымақтасып отырғаны және болашақта жаңа мамандықтар ашу жоспары туралы әңгімеледі.
Сонымен қатар тараптар қала мэриясымен бірлесе отырып, 2010 жылы «Қазақстан күнін» және Германиядағы қазақстандық студенттердің IV форумын ұйымдастыру мүмкіндігін талқылады.
Сапар барысында Елші Н.Оңжанов, «Badische Zeitung» газетінің шеф-редакторы Томас Хаузермен кездесті, энергия үнемдейтін және энергияның баламалы көздерін жасаумен және енгізумен айналысатын «Solar Info Center», компаниясында болды.
Сол күні кеште Н.Оңжанов Фрайбург қаласындағы университетте көп адам қатысқан жұртшылық алдында «Болашаққа қазақстандық жол» тақырыбында баяндама жасады.