ҚР елшісі Иордания Сенатының төрағасымен кездесті

АСТАНА. 3 қазан. ҚазАқпарат - 2 қазанда Қазақстан Республикасының Иорданиядағы Елшісі Б.Сәрсенбаев Иордания Сенатының төрағасы Тахер әл-Масримен кездесті.

Кездесу барысында сұхбаттасушылар екі ел қарым-қатынастарының жағдайы мен болашағы, Қазақстан тәуелсіздігініңің 20 жылдығын атап өтетіндігі, еліміздің Ислам Ынтымақтастық Ұйымына төрағалық етуі және саяси, әлеуметтік-экономикалық даму барысы туралы кеңінен әңгімелесті.

Иорданиялық спикер Қазақстанның халықаралық сахнадағы белсенділігін және ЕҚЫҰ мен ИЫҰ шеңберіндегі жемісті төрағалығын ескере отырып, екіжақты парламенттік байланыстарды ілгерілету қажеттігіне назар аударды.