деп хабарлайды Елшіліктің баспасөз қызметі.
Кездесу барысында қазақстандық дипломат Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауындағы негізгі қағидалар жөнінде айтып берді, сонымен қатар екіжақты ынтымақтастықтың даму жолдары талқыланды, еліміздің ЕҚЫҰ төрағалығындағы басты ұстанымдары әңгіме болды.
Сұхбат барысында Елші иордандық министрге, өткен жылдың қараша айында Иордания Королі Абдалла ІІ бин Хусейннің Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевпен ресми сапар барысында болған кездесуі екі достас мемлекет арасындағы екіжақты қатынастарға қуатты серпін бергені және түрлі салалар бойынша қол жеткен уағдаластықтар жөнінде баяндады. Екі мемлекет арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық салаларда жаңа қарым-қатынастарды орнату мен жандандыру үшін қазақстандық әріптестермен тығыз байланыс орнатудың қажеттілігі аталып өтті. Осы орайда, тараптар арасындағы мүмкіндіктерді мейлінше пайдаланып, атап айтқанда Иорданияның темір жол құрылысын салу және энергетикаға қатысты ірі жобаларға Қазақстанның да атсалысуы жөнінде әңгіме болды.
Өз кезегінде, Жағфар Хасан екі ел арасындағы болып жатқан ынтымақтастықтың табысты болуына тілек білдіріп, өз министрлігі тарапынан әрдайым қолдау болатынын айтып, Қазақстан Президентінің жаңа Жолдауы елдің таяудағы онжылдықтағы экономикалық саясатын тұжырымдаған маңызды құжат екендігін атап өтті.