ҚР Елшісі Тәжікстан президентінің сыртқы саясат жөніндегі мемлекеттік кеңесшісімен кездесті

АСТАНА. 6 қазан. ҚазАқпарат. 6 қазанда Қазақстан Республикасының елшісі Ағыбай Смағұлов Тәжікстан Республикасы президентінің сыртқы саясат жөніндегі мемлекеттік кеңесшісі Эркин Рахматуллоевпен кездесу өткізді, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.

Кездесу барысында Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықтың қазіргі кездегі жай-күйі мен келешегіне баса назар аударылды.

Келіссөздер кезінде тараптар инвестициялық және сауда-экономикалық ынтымақтастық белсенділігін экономиканың түрлі салаларында жұмыс істеп жатқан қазақстан-тәжік компанияларына нақты жәрдем көрсету арқылы арттырудың қажеттігін атап айтты.