Тараптар Қазақстан және Иорданияның банк саласындағы ықпалдастық мәселелерін талқылады. Бұл туралы Иорданиядағы ҚР Елшілігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Кездесу барысында Б.Сәрсенбаев У.Туканға көптеген жаһандық экономикалық проблемаларға қарамастан мемлекеттің дұрыс экономикалық саясатының арқасында қазіргі таңда Қазақстанның ішкі экономикалық жағдайы тұрақты дамып отырғанына тоқталды.
Сондай-ақ елші мамырдың 28-30-ы аралығында Алматы қаласында өтетін Орталық Азия, Қара теңіз және Балқан аймақтары орталық банк басқарушылар клубының 23-ші отырысына Иордания Хашимит Корольдігі Орталық банк өкілдерінің қатысуы жөніндегі мәселелерді талқылады.