деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бапкерді құттықтауға оның шәкірттері, Қазақстанның белгілі спорт қайраткерлері мен туыстары жиналды. А.Асубаев самбо мен дзюдодан 36 КСРО спорт шеберін дайындаған. Оның шәкірті Владимир Пущница республика спорты тарихында самбодан алғашқы халықаралық дәрежедегі спорт шебері атағына ие болды. Оның тәрбиесін көргендердің қатарында ҚР Туризм және спорт министрі Темірхан Досмұхамбетов, қаржы полициясының подполковнигі Федор Хван сияқты елге танымал азаматтар бар.