деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.
Министр еңбек нарығына сәйкес облыс экономикасына қажетті жұмысшы кадрларды даярлау және біліктілігін арттыру қызметімен айналасатын «ТехМаман» ЖШС-нің оқу орталығында болды. Бүгінгі таңда осы оқу орталығында «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасына сәйкес 30 қатысушы қайта даярлау курстарында дәріс алып жүр.
Сондай-ақ, Гүлшара Әбдіқалықова «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасының аясында әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру арқылы 20 адамды жұмысқа алған «Бабас» ЖШС-нің қызметімен танысты. Мекеме - ағаш өңдеу және ағаштан барлық түрдегі есік-терезе, еден тақтайларын жасау, құрылыс-монтаждау қызметімен айналысады. Бұдан кейін ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі арнайы киім тігу, тері өнімдері мен тері өңдеу болып табылатын «Озық» ЖШС-інде, Қызылорда қалалық жұмыспен қамту орталығында болды.
Сапар барысында Гүлшара Әбдіқалықова Қызылорда қаласының Талсуат елді мекенінде салынып жатқан халықты әлеуметтік қорғау саласының үш нысаны - 300 орындық «Жүйке аурулар интернаты», 200 орындық «Ақыл-есі кем балаларға арналған интернат үйі», 150 орындық «Оңалту орталығы» мемлекеттік мекемелерінің құрылыс жұмыстарының барысымен танысты.