ҚР Энергетика министрлігі КҚК-ға жасалған кезекті дрон шабуылы туралы пікір білдірді
АСТАНА. KAZINFORM – Ресей Қорғаныс министрлігі Каспий құбыр консорциумының (КҚК) «Кропоткинская» мұнай айдау станциясына дрондармен жасалған тағы бір шабуыл туралы хабарлады.
Бұл жағдайға Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі түсініктеме берді.
- 24 наурызда түнгі сағат 2.00 шамасында Краснодар өлкесіндегі Каспий құбыр консорциумының (КТК) «Кропоткинская» мұнай айдау станциясына ұшқышсыз аппараттар арқылы шабуыл жасалды, – делінген Ресей Қорғаныс министрлігінің хабарламасында.
Өз кезегінде ҚР Энергетика министрлігі КҚК-ның қазақстандық мұнайды қабылдауы ешқандай шектеусіз жалғасып жатқанын мәлімдеді.
Айта кетейік, бұған дейін 17 ақпанда «Кропоткинская» станциясына дрон шабуылы жасалған болатын.
Сонымен қатар, 19 наурызда ресейлік БАҚ пен Telegram-арналар КҚК инфрақұрылымына тағы бір шабуыл жасалғаны туралы хабарлаған еді.