АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Энергетика министрлігі комитеттерінің басшылары тағайындалды, деп хабарлады аталған ведомствоның баспасөз қызметінен.
«Экологиялық реттеу, бақылау және мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы болып Момышев Талғат Амангелдіұлы тағайындалды», - делінген хабарламада.
Сонымен қатар ведомство ақпаратына қарағанда, Атом және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің төрағасы қызметіне Есімханов Сұңғат Қуатұлы кіріскен.
Марлан Жиембай
Абай облысының Аягөз ауданында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін бітірген. 2005 жылдан бері "ҚазАқпарат" халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істейді.