"Бiздiң мұнай өңдеу зауыттарымызда жаңғырту жүруде. 2016 жылы ол жұмыс аяқталады деп күтiлуде. Оған дейiн бiздiң нарықта жоғары октанды жанар-жағармай мен дизель отыны жетiспеушiлiк байқалуда және әдетте Ресей Федерациясынан жеткiзiлетiн импорттың есебiнен толықтырылып келедi. РФ импортталатын жетiспейтiн отын көлемi бойынша қарым-қатынас Қазақстан мен Ресей арасындағы Индикативтi баланс негiзiнде реттеледi. Ағымдағы жылы Индикативтi баланс ережесiне сәйкес, Қазақстанның iшкi нарығына жетiспейтiн отын көлемiн толықтыру үшiн Ресейден импортталатын автокөлiк бензинiнiң көлемi 1 млн. 100 мың тоннаны, ал дизель отыны 520 мың тоннаны құрайды. Аталмыш отын көлемiн Ресейден Қазақстанға жеткiзу бекiтiлген графикке сәйкес күнтiзбелiк, аймақтық және тағы басқа жыл сайынғы елiмiзде отынды пайдалану жорамалы бойынша ай сайынғы мерзiмге жоспарланған", - дедi ол тiлшiлерге берген баспасөз мәслихатында.
Оның айтуынша, 2015 жылдың екi айында импортталған бензин көлемi жоспардан асып түскен. Бұл дегенiмiз - индикативтi балансқа байланысты жылдың соңында жанар-жағармай жеткiзiлмей қалуы ықтимал.
"2015 жылдың қаңтар айында Индикативтi балансқа сәйкес, Қазақстанға Ресейден 90 мың тонна бензин жеткiзу жоспарланған болатын, ал iс жүзiнде 180 мың тонна бензин әкелiндi. Ақпан айында аталған жағдай тағы да қайталанды. Жоспарланған көлем 80 мың тоннаны құраса, әкелiнген көлем 140 мың тоннаны құрады. Нәтижесiнде, 2015 жылдың қаңтар және ақпан айларында Қазақстан Республикасына балансқа сәйкес бекiтiлген жоспардан тыс 150 мың тонна бензин импортталды. Аталған жоспардан тыс Индикативтi жоспарға енгiзiледi, ал бұл 2015 жылдың соңына дейiнгi Ресейден әкелiнетiн отын көлемiнiң графигiне өз әсерiн тигiзетiндiгiн атап өту керек", - дедi ол.
"Көлiк иелерiн мазалап жүрген бiр сауал барын бiлемiз, Ресейден мұнай өнiмдерiн жеткiзуге енгiзiлген уақытша тыйым көп қолданылатын бензин бағасына (Аи-92, Аи-80) және дизель отынына керi әсерiн бермейдi", - дедi ол.
Еске сала кетейiк, аталмыш тыйым 5 наурыздан бастап енгiзiлдi және 45 күнге созылады.