ҚР Энергетика Вице-министрі лауазымына Ә. Мағауов тағайындалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы №37 қаулысымен ҚР Энергетика Вице-министрі лауазымына Мағауов Әсет Маратұлы тағайындалды. Қаулыға ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов қол қойған.

Бұл туралы ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Ә.Мағауов 1972 жылы 28 қарашада Атырау облысының Құлсары кентінде туған. И.Губкин атындағы Мемлекеттік мұнай және газ академиясын инженер-экономист мамандығы бойынша бітірген. ҚР Энергетика, индустрия және сауда министрлігінің Экономикалық талдау және мониторинг басқармасы бастығының орынбасары, Мемлекеттік активтерді басқару департаменті директорының орынбасары болған. «Қазақ ҰМК ЖАҚ Теңіз жобасы департаментінің қаржы-экономикалық мәселелер жөніндегі бас менеджері. «Мұнай және газ көлігі» ҰК» ЖАҚ Сервистік департаменті директорының орынбасары, ҚР Энергетика және минералдық ресурстар вице-министрі, ҚР Мұнай және газ вице-министрі, «KAZENERGY» қазақстандық мұнайгаз және энергетика кешені ұйымдарының қауымдастығы» ЗТБ Бас директоры қызметтерін атқарған.