ҚР ерлер құрама командасы пневматикалық қарудан оқ атудан Азия чемпионатында «күміс» еншіледі

АСТАНА. 16 желтоқсан. ҚазАқпарат - Қытайдың Нанчанг қаласында пневматикалық қарудан оқ атудан Азия чемпионаты өтуде, деп хабарлады ҚР спорттық оқ ату федерациясының баспасөз қызметі.

Аталмыш жарысқа Қазақстанның атынан 14 спортшы қатысты.

Ерлер арасында қарудан оқ атудан біздің еліміздің намысын Рашид Юнусметов (Шымкент), Владимир Исаченко (Алматы), Вячеслав Подлесный (Павлодар) қорғайды.

Әйелдер арасында қарудан оқ атудан еліміздің атынан Зауреш Байбосынова (Шымкент), Юлия Дришлюк (Павлодар), Әсел Беркина (Алматы), Елена Губарева (Шымкент),  Сәбира Асади (Алматы) қатысуда.

Мылтықтан оқ атудан ерлер арасында Игорь Пирекеев (Алматы) Алексей Клейменов (Павлодар), Ратмир Миндияров (Алматы) сайысқа түседі.

Бұл санатта, әйелдер арасында Қазақстан атынан Александра Малиновская (Алматы), Елизавета Лунина (Шымкент), Полина Тышова (Павлодар) қатысуда.

2 күннен кейін ерлер командасы 10 метр қашықтықтан пневматикалық қарудан оқ атудан күміс медаль еншіледі. Бірінші орынға Қытай жайғасты.

Естеріңізге сала кетейік, жарыс 12 желтоқсанда басталды, ол ағымдағы жылдың 18 желтоқсанына дейін жалғасады.