ҚР футбол федерациясы Байсуфиновтың отставкаға кететіндігін жоққа шығарды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан футбол федерациясының бас хатшысы Қаныш Әубәкіров футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Талғат Байсуфиновтың отставкаға кетуі туралы алып-қашпа әңгімелерге пікір блідірді, деп хабарлады ҚазАқпарат Sports.kz-қа сілтеме жасап.

«Жаңа бапкерді іздеу бойынша ешқандай жұмыстар жүргізіліп жатқан жоқ. Ұлттық құрамаға шетелдік маманның іздестіріліп жатқаны туралы қауесеттердің барлығы жорамал ғана. Талғат Байсуфинов команданы жаттықтыруды жалғастырады және бірінші құрамамыздың бапкерлік штабының басшысы болып қала береді», - деп атап өтті Қаныш Әубәкіров.

Еске сала кетейік, бас бапкердің өз орнынан кететіні жайлы қаңқу сөздер ұлттық құрамамыз Дания (1:4) мен Черногорияға (0:5) қарсы іріктеу матчтарында жеңілгеннен кейін пайда болған еді.

Талгат Байсуфинов Қазақстан құрамасының бас бапкері болып ағымдағы жылдың басында тағайындалды. Оның жетекшілігімен команда 8 кезедсу өткізді (2 жеңіс, 3 тең ойын және 3 жеңіліс).