«Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомствоға Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің ведомстволық ұйымы болып табылатын «Кәсіби әскерилендірілген апаттық-құтқару қызметі» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны жұмысындағы құқық бұзушылықтарды тергеуге толық көмек көрсетеміз», делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, бүгін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Астана қаласы бойынша департаменті ҚР Инвестициялар және даму министрлігі «Кәсіби әскерилендірілген апаттық-құтқару қызметі» РМК бас директоры Б.Ш. Халықты 70 мың АҚШ доллары сомасында кезекті пара алу барысында ұстағанын хабарлаған болатын.
Күдікті атқарылған жұмыстар актісіне жылдам қол қою үшін мердігер ұйымдардан жүйелі түрде пара алудың қылмыстық схемасын ұйымдастырған.
Бұдан бөлек, Б.Ш. Халық бас есепші К.Т.Медебаева мен кәсіпорынның Атыраудағы бөлімшесінің басшысы Т.У.Махмұтовтың қатысуымен РМК-ның ірі көлемде қаржысын жымқырды деген күдікке ілікті.