Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің «Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметі» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны бас директорының бос орнына жарияланған республикалық конкурстың нәтижесіне сәйкес Мұса Тұрманұлы Танабаев Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің «Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметі» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны басшысы болып тағайындалды.
Мұса Тұрманұлы 1965 жылғы 1 ақпанда Жезқазған облысының Жезқазған кентінде дүниеге келген. 1987 жылы Қазақ политехникалық институтын «тау-кен инженер-электригі» мамандығы және 1994 жылы Қарағанды мемлекеттік университетін экономист мамандығы бойынша бітірген, экономика ғылымдарының кандидаты.
Алғашқы еңбек жолын 1985 жылы Украинадағы «Донецкуголь» комитетінің «Лидиевка» шахтасында электр дәнекерлеуші қызметінен бастады.
1989-1990 жылдары - Сәтбаев қаласындағы Батыс кеніші комсомол комитетінің хатшысы болды.
1991-1995 жылдары Жезқазған қаласында сауда саласы бойынша басшылық қызмет етсе, 1995-2004 жылдары Жезқазған қаласы әкімінің орынбасары лауазымын атқарды.
2004 жылы Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Құрылыс істері жөніндегі комитетінің экономикалық сараптама және бағаны қалыптастыру басқармасы бастығының орынбасары болды.
2006-2008 жылдары Жезқазған қаласының әкімі.
2008-2010 жылдары Төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау комитетінің Мұнайгаз өнеркәсібін мемлекеттік бақылау басқармасының бастығы болып қызмет етті.
2010-2011 жылдары Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары.
2011-2013 жылдары Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау комитеті төрағасының орынбасары болды.
2013 жылғы наурыздан 2014 жылғы қарашаға дейін Қостанай облысы бойынша Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы лауазымында қызмет етті. 2014 жылғы қарашадан қазіргі уақытқа дейін Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті» ММ басшысы лауазымын атқарды.
Мемлекеттік және халықаралық наградалары, сыйлықтары, құрметті атақтары: Қазақстан Республикасы Президентінің алғыс хаты, «Қазақстан Ресупбликасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерейтойлық медалі, «Төтенше жағдайлардың алдын алуда және жоюда үздік шыққаны үшін» медалі, І, ІІ дәрежелі және ІІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» төсбелгісі, «Төтенше жағдайлар жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін» төсбелгісі, «Ерен еңбегі үшін» белгісі.