ҚР ИДМ Астана үшін «ақылды қалалар» саласында негіз қалаушы 9 стандарт әзірледі

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР ИДМ Астана үшін «ақылды қалалар» саласында негіз қалаушы 9 стандарт әзірледі, бұл тәжірибе Қазақстанның басқа да қалаларында енгізілмек. Бұл туралы Стандарттау жөніндегі Халықаралық ұйымның техникалық комитетінің (ISO) төрағасы, «ақылды қалалар» еуропалық алқа мүшесі доктор Бернард Гиндрозбен кездесу барысында елорда әкімі Әсет Исекешев мәлім етті, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Б. Гиндроз Астанаға елордалық әкімдіктің және ҚР ИДМ ТРМК бастамасымен келді.

Тоғыз стандарт қалалық процестерді, соның ішінде қауіпсіздік пен сервистің жоғары деңгейі, энергия үнемдеу, ТКШ, көлік, білім, денсаулық сақтау, экология және ақпараттық технологиялар салаларында инновациялық шешімдер есебінен орталықтан басқарудың жаңа мүмкіндіктеріне бірыңғай талаптар қояды.

Елорда әкімінің айтуынша, стандарттар қалалардың басшыларына  өздерінің практикалық іс-қимылдарын ең үздік халықаралық практикамен түзетуге мүмкіндік береді. Осы мақсатта елордаға «ақылды қалалар» стандарттарын енгізу бойынша көшбасшы қала ретінде еліміздің 5 қаласының - Алматы, Ақтөбе, Атырау, Шымкент, Орал қалаларының өкілдері шақырылды.

«Жаһандық ақылды қала» құрудағы жетістік «Smart city» саласындазаманауи әдістемелік стандарттардың болуына байланысты», - деп атап өтті Ә. Исекешев.

Бүгін «Smart city» стандарттау»семинары аясында техникалық қолдау мақсатында Астана, Ақтөбе, Атырау, Орал, ҚР ИДМ ТРМК және ISO 268 «Қоғамның тұрақты дамуы» техникалық комитеті арасында  «Smart city» саласындағы өзара ынтымақтастық туралы үш жақты Меморандумға қол қойылды.

Анықтама үшін: Стандарттар 2016 жылға арналған Мемлекеттік стандарттау Жоспарына сәйкес әзірленіп, ҚР ИДМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің 2016 жылғы 18 қарашадағы № 290-од бұйрығымен бекітілген. Стандарттар «Қазақстандық стандарттау және сертификаттау институты» РМК кәсіби бизнес-қоғамдастықтың және стандарттау бойынша мамандардың белсене қатысуымен әзірленді.

ҚР СТ BSI PD 81002016 ҚР СТ «Ақылды қалаларға шолу. Нұсқаулық» смарт-қалалардың белгілі бір әрекеттерін қолдану бойынша атқарушы билік басшылары үшін нұсқаулықтар бар. Стандарт стратегиялардың ықтимал артықшылықтарын қамтамасыз етуге бағытталған және смарт-қаланы құру жолындағы алғашқы қадамдар бойынша ұсыныстар келтіреді. Талаптар смарт-қалалардың табысты тәжірибелеріне негізделген және жеке тиімді стратегияларды әзірлеу мен қолдану үшін пайдаланылатын стандарттар тізімін қамтамасыз етеді.

ҚР СТ BSI PD 81012016 «Ақылды қала. Жоспарлау және даму рөлін бағалау бойынша нұсқаулық» іске асыру барысында интеллектуалды технологиялар мен әдістердің әлеуетінен пайда алуға болатын даму және инфрақұрылым жобаларын жоспарлау және іске асыру бойынша құрал болып табылады. Стандартта ірі инфрақұрылымдық жобаларды дамыту негіздеріне, жөндеу бағдарламаларына талаптар, және оларды енгізудің кезеңдік алгоритмі көрсетілген.

ҚР СТ ISO 371512016 «Коммуналдық шаруашылықтың интеллектуалды инфрақұрылымы. Жұмыс көрсеткіштері жүйесінің қағидаттары және қойылатын талаптар». Стандартта коммуналдық шаруашылықтар инфрақұрылымдарының эксплуатациялық көрсеткіштерін үйлестіру үшін қажет қағидаттар көрсетілген және сәйкес талаптар белгіленген, соның ішінде, коммуналдық шаруашылықтар инфрақұрылымының интеллектуалдылығы мен күзетілуін талдау үшін ұсыныстар келтірілген.

ҚР СТ ISO 371502016 «Коммуналдық шаруашылықтың интеллектуалды инфрақұрылымы. Көрсеткіштер жүйесіне жататын қызметтердің қолданылып отырған түрлеріне шолу». Стандартта коммуналдық шаруашылықтар инфрақұрылымдарының көрсеткіштеріне жататын бар қызмет түрлеріне шолу келтірілген. Осы стандартта интеллектуалдылық түсінігі эксплуатациялық сипаттамаларға қатысты қарастырылады.

Стандарт энергия тұтыну, сумен жабдықтау, тасымалдау, қалдықтар және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (АКТ) сынды коммуналдық инфрақұрылымдарды қарастырады. Есеп жарияланған, қолданылған немесе талқыланған бар қызмет түрлерінің техникалық аспектілеріне бағдарланған.

ҚР СТ BSIPAS 181-2016 «Смарт-қаланың біріктірілген құрылымы.Смарт-қалалар мен қоғамдастықтарды дамыту стратегиясын құру жөніндегі нұсқаулық» смарт-қалаларды және елді мекендерді басқару, смарт-қалалар бойынша стратегияларды әзірлеу, келісу және ұсыну бойынша ережелер ұсынылады. Стандартқа смарт-қаланың жеке стратегиясын әзірлеу және одан әрі дамыту үшін қажетті стратегиялар кіреді.

ҚР СТ BSI PAS 182-2016 «Ақылды қала моделінің тұжырымдамасы. Мәліметтердің өзара қатынасы моделін құру бойынша нұсқаулық» түрлі секторларда қолданылатын смарт-қала жүйелері мен компоненттері арасындағы өзара байланыс үшін негіз болатын смарт-қала (SCCM) моделінің тұжырымдамасы сипатталады. Компоненттерге тұжырымдамалар (мысалы, ұйым, орын, қоғамдастық, элемент,қызмет, ресурс) және мәліметтер арасындағы өзара байланыстар (мысалы, ұйым ресурстары, сол орындағы оқиғалар) жатады. Стандарт мәліметтердің мағынасын, әсіресе көптеген дереккөздерден алынған мағыналармен өзара алмасуды қамтиды.

ҚР СТ ISO 37101-2016 «Әкімшілік-аумақтық құралдарды тұрақты дамыту. Менеджмент жүйелері. Жалпы қағидаттар мен талаптар»құқықтық және басқа да талаптарды, сонымен қатар, тиісті ақпаратты ескере отырып, тұрақты даму, зияткерлік және әкімшілік-аумақтық құралдардың (ӘАҚ) бейімділігі менеджменті жүйесіне талаптар белгіленген.

ҚР СТ 2725-2015 «Қоғамдастықтың тұрақты дамуы. Қалалық қызметтердің көрсеткіштері мен өмір сапасы» тұрақты даму мен тіршілік ету қабілетін кешенді және тұтас дамытуды қамтамасыз ету мақсатында әзірленді. Стандартта қалалық қызметтердің тиімділігін және өмір сапасының үрдісін өлшеуде, сонымен қатар, озық практикалық тәжірибемен алмасуда қалаларға көмек көрсетуге арналған көрсеткіштер мен тиісті тексеру тәсілдері сипатталған.

Аталған стандарттарда Smart City тұжырымдамасын жүзеге асыру кезінде орындауды қажет ететін стандарттардың талаптарына сәйкес халықаралық тәжірибе жинақталған. Стандарттардың талаптары қаланы басқару саясатын анықтайтын атқарушы билік басшылары ескеруі тиіс жалпы бағдарларды қалыптастырады.