Барлығы - 14 бос орын, олардың ішінде министрліктің өзінде - 9, мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелерінде - 5. Бос орындар туралы ҚР ИДМ ресми сайтында мына сілтеме бойынша егжей-тегжейлі білуге болады.
Еске салайық, баспасөз мәслихаты барысында Әсет Исекешев ҚР ИДМ қызметі ашық жүргізілетінін, оның ішінде мемлекеттік сатып алу және жұмысқа қабылдау рәсімдерін өткізуі кезінде де ашық жүргізілетінін мәлімдеген еді.
Бұдан бұрын, министрлік геология және жер қойнауын пайдалану, атап айтқанда, іздеу әрі барлау жұмыстары саласында 16 ашық конкурс өткізді. Тәуелсіз байқаушылар ретінде Парламент депутаттары, ҰКП мен салалық қауымдастықтар өкілдері шақырылды. Конкурстардың нәтижелері БАҚ-та жарияланған болатын.