ҚР ИДМ қазақстандық туристерге туристік компаниялардың қызметін пайдалану ережелері туралы жаднама ұсынады

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР ИЖТМ Туризм индустриясы комитеті (2014 ж. 6 тамыздан ҚР ИЖТМ өкілеттілігі ҚР Инвестиция және даму министрлігіне берілді) туристік компаниялардың қызметіне жүгінетін туристерге ақпараттық жаднама ұсынады.

Жалпы мағлұматтар :

Қазақстан Республикасының туристiк қызмет туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнен, осы Заңнан, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта Қазақстан Республикасының туристiк қызмет туралы заңдарындағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, халықаралық шартта оның қолданылуы үшiн заң шығарылуы талап етiлетiн жағдайларды қоспағанда, халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.

Сапарға дайындық:

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңына сәйкес туристік өнімді пайдалану туралы шарт жасасқанда туристік фирма қызметкері қажетті және шынайы ақпаратты береді.

Жақсылап танысып алған жөн:

- шарт талаптарымен,

- төлем жасау мерзімі мен тәртібімен,

- тиісті құжаттарды ұсыну мерзімімен,

- Туристік өнімнің тұтынушылық қасиеттерімен, тасымалдау және орналастыру, сақтандыру талаптарымен,

- мекендеу бағдарламасымен,

- туристік өнімді пайдалану туралы шартта және өзге де қосымша құжаттарда көрсетілген талаптармен және өзге ақпараттармен.

Туристік өнімді пайдалану туралы шартты жасасқанда туристік фирма қызметкерінен келесі ақпаратты анықтаған жөн:

- тасымалдау құжаттарын алу мерзімі мен тәртібі.

МАҢЫЗДЫ! Туристік компания ұсынған құжаттарда баратын жерге дейінгі және қайтар жолға билет болуы шарт. Бағыттық квитанция емес, билет бар екеніне көз жеткізіп алыңыз!

- әуежайға, темір жол немесе сапаржайға келу уақыты;

- тасымалдаудың өзге талаптары;

- сақтандыру талаптары, сақтандыру көлемі, сақтандыру жағдайлары туындаған кездегі әрекет тәртібі;

- тасымалдау сипаттамасы мен ерекшеліктері (қонақ үй), қонақ үйге орналасу және оны босату уақыты.

Құжаттарды алу кезінде оның мазмұнына, ақпараттың, деректердің, тегінің дұрыс жазылғанын тексеру қажет. Егер қате табылса бірден туристік фирма қызметкеріне хабарлаған жөн.

Сапарға шығуға бір күн қалғанда турфирма қызметкерінен ұшатын әуежай немесе сапаржай туралы, көліктің жолға шығу және өзге де ақпараттарды анықтаған дұрыс.

Визалық елдерге барғанда, визаны ресімдеуге қажетті құжаттарды анықтап алу керек.

Өзге мемлекеттердің шекарасын өткенде, транзиттік визаны ресімдеу қажеттілігін анықтап алу қажет.

Әр туристің шетелдік паспортының жарамдылық мерзімін тексеріп алған абзал. Паспорттағы жазбалар мен өзге құжаттардың сәйкестігін, тиісті мөрлердің, суреттің болуын, түзетулердің болмауын тексерген жөн.

Шетелге шығар алдында сапарға қатысушылардың барлығында Қазақстан Республикасының аумағында орындалмаған міндеттердің болмауын анықтау керек.

Туристік фирма қызметкерінен Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасынан және шетел шекарасынан өтуге қатысты ережелер туралы мағлұмат алған жөн. Тиісті ақпаратты ұшатын әуежай телефондары бойынша, бұл әуежайдың сайтына орналастырылған материалдардан да білуге болады.

Кәмелет жасқа толмаған балаларды шекарадан өткізуережелерін, оларды шығаруға қажетті құжаттарды уақытылы рәсімдеу (оның ішінде кәмелет жасқа томаған баланы Қазақстан Республикасы аумағынан шығару рұқсаты да бар) қажет.

Турфирма қызметкерінен Қазақстан Республикасы аумағынан теңге немесе шетелдік валютада ақша шығару ережесін білген дұрыс.

Туристік фирма қызметкерінен уақытша мекендеу елінде адам өміріне қауіп төндіретін жағдайлардың бар-жоғын сұрасырған жөн.

Әуе билеттерін сатып алған кезде мынаған назар аудару керек :

1.Ұшудан бас тартқан жағдайда ақшаның қанша сомасын қайтарып ала аласыз?

2.Билетті ауыстырып алу мүмкіндігі бар ма?

3.Билетті ауыстырғанда қанша ақшаңыздан ұтыласыз?

4. Әуе билеттерін қайтаруға бол ма?

Әуе билетін сатып алған кезде тариф ережелерімен танысыңыз. Тариф шарттары егер сіз ұшу уақытын, бағытын өзгертіп, болмаса билетті қайтарғанда керек болады. Егер сіз ұшаққа билетті интернет арқылы алсаңыз, онда жаднаманы міндетті түрді шығарып алыңыз. Егер сіздің сұрақтарыңыз туындаса, тарифтік шарттарды оқи аласыз.

Ауыстыру шарттары:

Тарифтік ережелерде «CHANGES» деген атпен бөлім бар, онда ауыстыру шарттары жазылған.

Сонымен бірге мынандай бөлімшелер бар:

«ANY TIME» бөлімшесі, онда билетті кез келген сағатта ауыстыру немесе қайтару бойынша талаптар белгіленген;

«BEFORE DEPARTURE» ұшақ аспанға көтерілгенге дейін ережелерді көрсетеді;

«AFTER DEPARTURE» ұшу басталғаннан кейін күшіне енетін ережелер. Рейске билеті болып, жолаушы ұшаққа келмей, ол туралы хабарламаса, онда оның әрекеті «NO SHOW» шартына, яғни өздігінен ұшудан бас тарту болып саналады.

Шетеледегі туристің құқықтары :

1. Шетелдегі қонақ үйдің әкімшілігінің, туроператор оның қонақ үйге орналасуына төлемеген жағдайда, туристі немесе оның құжаттарын күштеп ұстауға құқығы жоқ.

2. Сондай жағдай болғанда туриске қабылдаушы тараптың өкіліне немесе ҚР консулдық мекемесіне бару керек.

3. Сонымен бірге, турист қонақ үйге келгені үшін қайталап өзі төлеуге құқылы. Ондай жағдайда оның шығындарын растайтын барлық құжаттарды сақтайды. Елге қайтарда аталған құжаттар туроператор мен сақтандыру компаниясынан шығындарды төлеу туралы талап етуге негіз болады.

Сапарға шығуға дайындалуда, оны жасау кезінде транзитпен қоса туристің мыналарға құқығы бар:

1) Оның жеке қауіпсіздігі немесе мүлкіне қастандық жасалған болса, консулдық, дипломатиялық, басқа мемлекеттік, сонымен бірге туристік өкілдіктерге бара алады;

2) Елге уақытша келу туралы, сонымен бірге уақытша келген елден кету туралы, уақытша келген елдің заңнамалық ерекшеліктері жайлы, жергілікті халықтың салттары, ерекше қорғауға алынған діни жоралар, туристерге көрсетілетін тарихи, мәдени және басқа нысандар туралы қажетті және нанымды ақпаратты білуге;

3) Жүріп-тұру еркіндігі, уақытша келген елде шектеу қойылған шараларды ескере отырып, туристік ресурстарға еркін бару;

4) Келісімшарттағы талаптар орындалмаған жағдайда шығын мен моральдық шығынның орнын Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіп бойынша толтыру;

5) Шұғыл медициналық көмек алу;

6) Қазақстан Республикасының мемлекеттік билік органдарының құқықтық және басқа көмек түрлері бойынша жәрдемдесуі;

7) Байланыс құралдарына туристердің кедергісіз қол жеткізуі;

8) Туристердің басқа құқықтары келген елдің заңнамасымен анықталады.

Келісімшартты бұзу:

Келісімшартты бұзу кезінде ақша Қазақстан Республикасының заңнамасына және келісімшарт шарттарына сәйкес жүзеге асырылады. Ол заң талаптарына қайшы келмеуі керек.

Туристік сапарға шығуда сақтандыру :

1) Халықаралық келісімшарттармен, уақытша келген елдің заңнамасымен қаралған жағдайда туроператор немесе турагент туристік жолдаманы турист өмірі және денсаулығы жайлы сақтандыру әкелгенде жүзеге асырады;

2) Сақтандыру келісімшартымен туристерге медициналық көмек төлемі мен уқатша келген елде сақтандыру жағдайы болған жағдайда олардың шығынын төлеу қаралуы кереу.

3) Қазақстан Республикасының билігі Қазақстан Республикасының аумағына келетін туристерден өмірі мен денсаулығы туралы сақтандыруды талап етуге құқылы;

4) Туроператор мен турагент азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыруға міндетті