«Отырыста Қоғамдық кеңестің биылғы жұмыс жоспары талқыланып, қабылданды. Атап айтқанда, министрліктің бюджеті мен стратегиялық жоспары, оны орындаудың барысы талқыланды.Төраға министрліктің нормативтік-құқықтық актілерін қарауға және бюджетін қалыптастыруда белсенді жұмыс істегені үшін Қоғамдық кеңестің кейбір мүшелеріне алғыс білдірді»,-делінген аталған министрліктің хабарламасында.
Сондай-ақ отырыста, ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің халықтың алдындағы есебіне Қоғамдық кеңестің де қатысуы талқыланып, нормативтік-құқықтық актілерінің жобасы қаралды. Осы ретте ол бойынша ұсыныстар берілді және Қоғамдық кеңестің жұмыс регламенті қабылданды.
Айта кетейік, биыл ақпан айында байқау негізінде жасақталған ҚР ИДМ Қоғамдық кеңесінің құрамына коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері мен қоғам қайраткерлері кірді. Кеңестің төрағалығына ҚР Индустрия және сауда министрлігінің бұрынғы бірінші вице-министрі, қазіргі уақытта «Теңіз көлігі кәсіпкерлері қауымдастығының» президенті Александр Андрющенко сайланды.