«Ален Дәулетовты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Сыртқы экономикалық ынтымақтастық департаментінің директоры болып тағайындалуымен құттықтаймын. Құтты болсын!», - деп жазды Иғалиев.
Ален Дәулетов 1985 жылы 12 сәуірде дүниеге келген. 2008 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Халықаралық қатынастар» мамандығы бойынша бітірген. 2010 жылдың ақпан айынан бері ҚР Инвестициялар және даму министрлігінде жұмыс істейді. Соңғы лауазымы - сыртқы экономикалық ынтымақтастық департаменті директорының орынбасары.