ҚР ИДМ жыл басынан бері 58 ақауы бар жүк вагондарын анықтады

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2017 жылдың тәжірибесіне қарамастан көлік инспекторлары Қазақстанда отандық және шетел тасымалаушылары тарапынан ақауы бар вагондарды пайдалану фактілерін анықтады, деп хабарлады ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің баспасөз қызметі.

Баспасөз мәліметтеріне қарағанда, 2017 жылы ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті 17 қазақстандық және 218 шетелдік жүк вагондарын пайдалануды тоқтатты. Барлық анықталған жағдайларда вагон арбашасы құйма детальдарымен жабдықталған. Олар алдында сынған бүйірлік рамалармен бірге балқытылған. 2018 жылдың өткен кезеңінің ішінде осыған ұқсас заң бұзушылақтар үшін 4 қазақстандық және 54 шетелдік жүк вагондарын пайдалану тоқтатылды.

Теміржол көлігінде тиісті қауіпсіздік деңгейін қамтамасыз ету мақсатында вагондардың ақауын жойғанға дейін пайдалануға рұқсат берілмейді.