ҚР ИИДМ жанынан Қазақстанның өнеркәсіпті дамыту қоры құрылады

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі жанынан Қазақстанның өнеркәсіпті дамыту қоры құрылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.

Қор бизнеске машина жасау саласындағы капиталды қажетететін өндірістерді дамытуға мүмкіндік береді. Бұл туралы «Қазақстан машинажасаушылар одағы» заңды тұлғалар бірлестігінің төрағасы Мейрам Пішембаев ҚРҮкіметіндегі баспасөз конференциясы барысында айтты.

Машина жасау ел экономикасын өндіріс құралдарымен қамтамасыз етеді, барлықбасқа өңдеу өндірістерінің, отын-энергетика, көлік және логистика, экономиканыңөңдеу секторы және ауыл шаруашылығы салаларының дамуына ықпал етеді.

Сала жасақтаушы және қосалқы бөлшектерді өндіруден дайын өнім түрлеріншығаруға көшті, атап айтсақ: тепловоздар, электровоздар, жолаушылар және жүквагондары, жүк және жеңіл автомобильдер, автобустар, астық жинау комбайндары,сорғы жабдықтары, лифтілер.

2000 жылдан бастап Қазақстанда машина жасау өндірісінің көлемі 24 есегеартып, 2018 жылдың қорытындысы бойынша 1,1 трлн теңгені құрады.

М. Пішембаев атап өткендей, Жол картасын қабылдау — отандық машина жасаусаласы үшін маңызды оқиға, саланы орта мерзімді перспективада дамытудыңстратегиялық көрінісі. Құжат үш китке негізделген.

Біріншісі — елімізде теңдестірілген өнеркәсіптік саясатты жүргізуге ықпалететін «Өнеркәсіптік саясат туралы» Заңның қабылдануы. Мемлекеттік қолдаушаралары бір заңда орталықтандырылатын болады.

Екіншісі — Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық дамуминистрлігі жанынан Қазақстанның өнеркәсіпті дамыту қорын құру.

Қор бизнеске машина жасау саласындағы капиталды көп қажет ететінөндірістерді дамытуға және машина жасауды қоса алғанда, өңдеу секторындағыжобаларды қаржыландыруға мүмкіндік береді.

Осыған ұқсас қорлар бірнеше жылдар бойы Ресейде, Беларусьте және ЭЫДҰелдерінде сәтті жұмыс істеп келеді, олар лизингтік жобаларға жылдық 1,4%мөлшерлемесімен және ғылыми-техникалық әзірлемелер, еңбек өнімділігі менинновациялық өнімдерді арттыруға 1% мөлшерлемемен займ береді.

Үшіншісі — қолданыстағы қуаттылықтарды жаңғырту, сондай-ақ отандықкәсіпорындардың экспорттық әлеуетін одан әрі арттыру мақсатында кәсіпорындарғасалықтық преференциялар енгізу.

Машина жасауды дамытудың Жол картасына енгізілген шаралар 2024 жылға қарайөндірістің жалпы көлемін кемінде 2 триллион теңгеге жеткізуге, бір жұмысшығаесептегенде еңбек өнімділігін қазіргі $12 мыңнан $24 мыңға дейінарттыруға ынталандырады.

«Жол картасы өнеркәсіптің өңдеу секторыныңкәсіпорындарының бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында қабылданды. БізҚазақстанның индустрияландыру саласының дамуына лайықты үлес қосуға дайынбыз»,— деді Қазақстан машина жасаушылар одағының төрағасы.

Соңғы жаңалықтар