ҚР ІІМ басшысы азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесін жазған журналистерге алғыс хаттар табыс етті

АСТАНА. 24 маусым. ҚазАқпарат - Баспасөз, радио және телевидение күнінің қарсаңында ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов қылмысқа қарсы күрес және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесін жазған республикалық бұқаралық ақпарат құралдарының журналистерімен кездесті,

деп хабарлайды ҚР ІІМ баспасөз қызметі.

Қ.Қасымов қылмысқа қарсы күрес мәселесін, қоғамды тәртіп сақтауға шақыратын мәселелерді кәсіби тұрғыда жазғандары үшін журналистерге рахмет айтып, Ішкі істер министрлігінің алғыс хаттарын табыс етті.