Тараптар қылмысқа қарсы күрес мәселелері бойынша пікір алмасып, жаңа қауіп-қатерлерге қарсы әрекет етудің бүгінгі жағдайы мен перспективаларын сөз етті.
Министр қоғамдық тәртіпті сақтау, қоғамдық және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ ішкі істер органдарында жүргізіліп отырған реформалар жөнінде хабардар етті.
Кездесуде ынтымақтастықтың оң нәтижелері сөз болып, АҚШ-тың Қазақстан Республикасындағы уақытша сенімді өкілінің есірткі трафигіне қарсы іс-әрекет пен басқа да мүдделер түйіскен салалар бойынша күрес жүргізуге, оқу-тәжірибелік тағылымдамалар мен полиция қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарын өткізуге қосқан үлесі аталып өтілді.
Кездесу соңында министр Дж.Ордвейге кәсіби табыстар тілеп, оның дипломатикалық тұрғыда мол тәжірибесін ескере отырып, екіжақты қарым-қатынастар одан әрі жаңа деңгейге көтеріледі деген сенім білдірді.