деп хабарлайды ҚР ІІМ баспасөз қызметі.
Министрдің айтуынша, сондай-ақ жедел-тергеу қызметтері мен қоғамдық тәртіп бөлімшелерінің арасында өзара жіті іс-қимылды ұйымдастыру, есірткі бизнесімен күрес және елордаға есірткі келетін арналарды жабу бойынша күш-жігерді арттыру қажет.
«Елордалық полицияда қылмыспен күресте неғұрлым жоғары нәтижелерге қол жеткізу, Астана қаласында үлгілі қоғамдық тәртіпті және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қажетті күштер мен құралдар және әлеуетті мүмкіндіктер жеткілікті», - деп атап көрсетті С.Баймағамбетов.