ҚР ІІМ Ішкі әскері Ұлттық ұлан болып құрылды
18:03, 21 Сәуір 2014
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскерлері қайта құру жолымен ішкі істер органдарының бірегей жүйесіне кіретін Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы болып қайта ұйымдастырылды.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.