Жас офицерлер кәсіби деңгейлерін жоғарылату үшін лекциялар тыңдап, тәжірибелік сабақтарға қатысатын болады. Жиынға рота командирлерінің 50-ден астам орынбасарлары қатысып жатыр, олар жаңа білім алып, тестілеуден өтеді.
«Қазір тәрбиеші тәрбие беріп қана қоймай, өзі де дене шынықтыру тұрғысынан дайын болуы керек. Бұрын біз лекциялық сабақтарды көп өткізсек, қазір тәжірибеге баса назар аударамыз», - дейді Әскери институт бастығының тәрбие және әлеуметтік жұмыстар жөніндегі орынбасарының қызметін атқарушы, подполковник Болат Смағұлов.