Ақпараттық-насихат шарасы «Тәуелсіздіктің 20 жылдығына арналады...» деген тақырыпта әскерде өткізіліп жатқан акция аясында жүзеге аспақ.
Аталмыш бастамаға сәйкес балалар үйлерінің тәрбиеленушілерімен кездесулер өткізу мен қайырымдылық шаралар ұйымдастыру көзделген. Шара Талдықорған және Текелі қалаларын, Қызылағаш, Қаракемер, Заречный, Шамалған, Қаскелең елді мекендері мен Алматы қаласын қамтымақ.
Ақпараттық топтың аймақтағы жұмысы «Болашақты бірге жасаймыз» тақырыбындағы бүгінгі дөңгелек үстелден басталды.
«Биылғы жыл республика Тәуелсіздігінің 20 жылдығымен айшықталады.Осыған байланысты Мемлекет басшысы ел мерейтойының «Бейбітшілік пен жасампаздықтың 20 жылы» ұранымен өтетінін атап көрсетті. Жолдау біздің басты жетістіктеріміз - бостандығымызды, бірлігімізді, тұрақтылығымыз бен өркендеуімізді қорғайтын құжат, сондықтан біздің мақсатымыз - Жолдаудың негізгі ережелері мен алға қойылған міндеттерді халық арасында, сонымен қатар жауынгерлер арасында насихаттау және түсіндіру болып табылады», - деді Ішкі әскерлер комитеті тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар басқармасының бастығы Мұхаметқали Сатов.
Дөңгелек үстел жұмысына облыс және қала әкімдігі, «Нұр Отан» ХДП, Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері қатысты.