Бұйрығын іске асыру аясында республиканың пенитенциарлық жүйесінде аталмыш жұмыс аяқталу кезеңіне жетті, деп хабарланды ҚР ІІМ ҚАЖК-нің баспасөз қызметінен.
Мәлім болғандай, аталмыш шараның негізгі мақсаты аттестациядан өтетін қызметкердің кәсібилігін анықтау, сондай-ақ дене шынықтыру дайындығы мен қызметтік, әскери және білім теориясының деңгейін айқындау болып табылады.
Бүгінгі күні, 2012 жылдың 17 қыркүйегінде, өңірлік аттестациялық комиссия қызметкермен өткізген әңгімелесу нәтижелері бойынша ҚАЖ-нің 3 410 қызметкері алып отырған қызметіне лайық деген шешім қабылданды. 11-і басқа қызметке ауыстырылуға ұсынылды, 203 қызметкер аттестациядан өтпей қалды, олар құқық қорғау органдарынан шығарылатын болады.
Аттестацияны ашық өткізу мақсатында қоғам, ардагерлік ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырылды, деп хабарланды ҚР ІІМ ҚАЖК-нің баспасөз қызметінен.