деп хабарлады республикалық ведомствоның баспасөз қызметінен.
Тараз қаласында орын алған қайғылы оқиға республикалық қылмыстық атқару жүйесінің қызметкерлерін де бей-жай қалдырған жоқ. Жұмыс кеңесі барысында ҚАЖ қызметкерлері әріптестерінің өз өмірлерін қиып, қылмыскердің бейбіт адамдардың өміріне қауіп тудыратын қатерлі оқиғасының алдын алғандығын атап өтті.
Осыған орай ҚАЖ-дың жеке құрамы Тараз қаласында қызметтік борышын өтеу барысында қаза тапқан және оқ тиіп жараланған әріптестерінің отбасына материалдық көмек көрсетуге шешім қабылдап, біркүндік жалақыларын арнайы есеп-шотқа аудармақ.