77 өңірлік аттестаттау комиссиясының (бұдан әрі ӨАК) шеңберінде полиция және қылмыстық атқару жүйесінің қызметкерлері аттестаттаудан өтеді. Бұл жайында ҚР ІІМ мәліметтерінде хабарланған.
Оқ ату, денешынықтыру дайындығы, заңнаманы білу бойынша компьютерлік тестілеу өткізуге бақылау жасау үшін ІІМ аппаратының Кадр жұмысы және Өзіндік қауіпсіздік қызметкерлері аумақтық бөліністерге іссапарларға жіберілді. Қабылданатын шешімдер объективті болу үшін өңірлік комиссия мүшелерінің қатарына ІІМ аппаратының қызмет басшылары мен олардың орынбасарлары енгізілді.
Бүгінгі күні Өңірлік аттестаттау комиссиясы 22 мыңнан астам қызметкерді аттестаттады, 19211-і (86,5%) лауазымдарына лайықты екендіктерін көрсетті. 846-і (4,4 %) қызметінен төмендетілсе, 1091-і (5,4 %) басқа қызметке ауыстырылды, 1057 (4,2 %) қызметкер ІІО қызметінен шығарылды.
Өңірлік аттестаттау комиссиясы Қарағанды академиясында (203 адам), ҚАЖК Академиясында (139 адам) Павлодар заң колледжінде (88 адам) және Семей қаласындағы ІІМ оқу орталығында (58 адам) өз жұмысын аяқтады. Жақын аралықта Шымкент, Ақтөбе және Алматы қалаларындағы оқу орындарында аттестаттауды өткізу жоспарланған.
Орталық аттестаттау комиссиясы (ОАК) ведомствоның орталық аппарат, облыстардың және көліктегі ІІД қызмет басшыларын, қалалық, аудандық орган басшылары, қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің басшылары, оқу орындарының жетекшілері, өзіндік қауіпсіздік және есірткі бизнесіне қарсы күрес бөліністерінің, әскери-тергеу бөліністерінің жеке құрамы, яғни Ішкі істер министрлігінің номенклатурасы бойынша 3096 қызметкер кезектен тыс аттестаттаудан өтті. ОАК аттестаттау нәтижесі бойынша 73-і (2,4%) жоғары тұрған лауазымға ұсынылды, 2400 (77,5%) лауазымдарына лайықты екендіктерін танытты, 283 (9,1%) қызметкердің қызметі төмендетілді, 132 (4,3%) қызметкер басқа қызметке ауыстырылды, 208-і (7 %) ІІО-нан қызметтен шығарылды.
Қазіргі уақытта кезектен тыс аттестаттаудың нәтижесі бойынша (ЖАК, ОАК, ӨАК) 25 457 қызметкердің 1140-ның (4,5 %) қызметі төмендетілді, 1227-сі (5,%) басқа қызметке ауыстырылды, ал 1276-сы (5%) ІІО-нан қызметтен шығарылды.
Енді Өңірлік аттестаттау комиссиясына 49 мыңға жуық қызметкерді аттестаттаудан өткізу қалды.