Бұл туралы бүгін апталық брифингте аталған ведомствоның ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлім етті.
Қазіргі уақытта 24 маусымда басталған құқық қорғау органдарының қызметкерлерін аттестаттаудың екінші кезеңі басталатындығын атап өткен ол: «ІІМ орталық аппараты департаменттерінің, дербес басқармаларының бастықтары және олардың орынбасарлары аттестаттаудан өтті, барлығы 73 қызметкер», - деді.
Ресми өкілдің айтуынша, комиссия шешімі бойынша 4 қызметкер жоғары тұрған лауазымға ұсынылған. Сонымен қатар 59 адам лауазымдарына сәйкес келеді деп танылды. Ал 6 қызметкер лауазымдарынан босатылуға ұсынылса, тағы 4 қызметкер ішкі істер органдарынан қош айтысатын болады.