онда құқық қорғау органдарының қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттаудан өткізу бойынша ақпарат берілген, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
ІІМ-де мәлім болғандай, ақпарат мемлекеттік және орыс тілдерінде берілген. Аталған бөлімде 2012 жылдың 8 сәуірінде №292 бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің «Құқық қорғау орган қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттау» Жарлығының толық нұсқасы, түсіндірмесі, кезектен тыс аттестаттаудың қағидалары, тәртібі, жоғарғы аттестаттау комиссиясының құрамы жайында толық мағлұмат берілген.
Кезектен тыс аттестаттаудың өту барысы туралы ақпарат мерзімді түрде фото материалдармен толықтырылатын болады.