ҚР ІІМ ТЖК басшысының жаңа орынбасары тағайындалды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР ІІМ ТЖК төрағасы Беккер В.Р. жеке құрамға ҚР Ішкі істер министрі, полиция генерал-полковнигі Қалмұхамбет Қасымовтың 2016 жылдың 10 ақпанындағы бұрынғы Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы, азаматтық қорғаныс полковнигі Талғат Нұрмағамбетовті Төтенше жағдайлар комитеті басшысының орынбасары етіп тағайындау туралы бұйрығын таныстырды, деп хабарлайды ведомство баспасөз қызметі.

Азаматтық қорғаныс полковнигі Талғат Нұрмағамбетов 1965 жылы 24 мамырда дүниеге келген.

1986 жылы Ю.В. Андропов атындағы әуе қорғанысы жөніндегі Ленинград әскери-саяси училищесін тәмамдаған. 2004 жылы Павлодар университетін «психология магистрі» мамандығы бойынша бітірген.

Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы қызметіне дейін Т. Нұрмағамбетов Павлодар облысы бойынша ТЖД басшысының орынбасары болған.

Ол бұған дейін рота командирінің орынбасары лауазымынан Қарағанды облысы ТЖД басшысы қызметіне дейінгі еңбек жолын жүріп өткен.

Т. Нұрмағамбетов Қазақстанмен шекаралас Ресейдің өңірлерімен ТЖ және АҚ саласы бойынша өңірлік кездесулерді ұйымдастырудың, сондай-ақ құтқарудың қалалық қызметтері мен суда-құтқару қызметін ұйымдастырудың бастамашысы болып табылады.

Айта кетейік, жаңа басшы «ҚСРО ҚК 70 жыл» медалімен, «Әскери қызметіндегі ерекшелігі үшін» 2-ші дәрежелі медалімен, «Қазақстан Республикасы Қарулы күштеріне 10 жыл», «Мінсіз қызметі үшін» 2,3-ші дәрежелі медальдармен және Қазақстан Республикасы ТЖМ құрмет грамотасымен марапатталған.