ҚР ІІМ ТЖК: Өрт сөндірушілер де су айындарында құтқару жұмыстарына жұмылдырылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Өрт сөндірушілер де су айындарында құтқару жұмыстарына жұмылдырылды. Бұл туралы бүгін ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов мәлім етті.

«Су айдындарында алдын алу іс-шараларын күшейту үшін қосымша өрт сөндірушілер де осы жұмысқа кірісті. Олар мереке және демалыс күндері жедел құтқару жасақтарының қызметкерлерімен бірге адамдар жаппай демалатын орындарды шолғындау және алдын алу жұмыстарына жүргізеді», - деді Р.Иманқұлов.

Ресми өкіл деректеріне сәйкес, еліміздің су айдындарында адамдардың қаза болуына жол бермеу мақсатында Төтенше жағдайлар комитетінің аумақтық органдары суға шомылу кезеңінде адамдардың қамтамасыз етуге бағытталған шаралар кешенін өткізген. Жалпы саны 1279 құтқарушы құрайтын жедел құтқару жасақтары қызмет атқарудың күшейтілген режіміне көшірілген.

«Су айдындарындағы төтенше жағдайларға жедел ден қою және шұғыл түрде жұмысқа кірісу үшін 254 бірлік автомобиль мен құтқару техникасы, 550 бірлік жүзу құралы, 1650 бірлік сүңгуір құрал-жабықтары дайын тұр», - деді ол.