ҚР Индустрия вице-министрі Армениядан жеткізілген көліктерге қатысты пікір білдірді

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Аманияз Ержанов Армениядан жеткізіліп жатқан автокөліктерге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілішісі.

«Біз өзіміздіңақпараттық арналарымыз арқылы АҚШ-тан Арменияға шамамен 60 мың автокөлік жеткізілгенінбілеміз. Енді олар бұл көлікті елдеріне кіргізді, бізде бірыңғай Кедендік тарифбар. Дегенмен, олар көліктерді өздерінде қалдыруы тиіс. Ал барша Кедендікодаққа тарату үшін біздің азаматтар Арменияда уақытша тұрғылықты жердірәсімдеп, Арменияның азаматтарымен қатар осы машиналарды сатып алады. Яғниешбір қосымша баж салығынсыз көліктерді Қазақстанға армяндық нөмірлеріменкіргізіп, осында емін-еркін жүр», - деді А. Ержанов Үкімет үйінде өткенбаспасөз мәслихатында.

Оның сөзінеқарағанда, бұл өз кезегінде қазақстандық жол полицейлері үшін проблематудырады.

«Олардыжауапкершілікке тарта алмайды. Атап айтқанда, осы нөмірмен жүрген көліктержолдағы жылдамдықты асырып, жол ережесін бұзса да, осы үшін ешқандайжауапкершілікке тартылмайды. Сонымен бірге, айыппұл төлемейді, сотқатартылмайды. Мұндай көліктер көптеп кіргізілсе, онда біздің жеңіл көлікөндірісін арттыру бойынша жұмыстарымыз және автонесиелеу бойынша шараларымызбосқа қалады», - деді вице-министр.

Оның сөзінеқарағанда, Арменияда автокөлікті екі есе арзан бағамен алуға болады. Соныменқатар вице-министр осындай автомобильдерді сатып алуға қатысты мемлекеттосқауыл қоймайтынын атап өтті.

«Бұл бағыттақарсы шаралар қабылданбайды. Егер де ел азаматтары осындай машиналарды алғысыкелсе, онда қарсы қадамдарды қабылдаудың реті жоқ. Керісінше, осының барлығызаңды болуы үшін шешім қабылау керек, яғни алдағы уақытта біздің азаматтардазаң алдында, құқық қорғау органдары алдында проблемалары болмас үшін. Армениядауақытша тіркеуге тұру арқылы машина сатып алып, оны елімізге транзиттікнөмірмен кіргізу керек емес. Одан да көлікті алып келіп, тіркеуге қойып, заңдытүрде жүрген дұрыс болар. Өйткені қазіргі кезде олар осында да, Арменияда дасалық төлеп жатқан жоқ», - деді ол.

Соңғы жаңалықтар