ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі тағайындалды

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Талғат Жанжүменов ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі болып тағайындалды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«ҚРҮкіметінің қаулысымен Талғат Жеңісұлы Жанжүменов ҚР индустрия жәнеинфрақұрылымдық даму вице-министрі лауазымына тағайындалды», - делінгенақпаратта.

Т. Жанжүменов 1968 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниегекелген. Ленин комсомолы атындағы Вольск Жоғары әскери тыл училищесін, РФҚорғаныс министрлігінің Әскери тыл және көлік академиясын, РФ Қарулы күштеріБас штабының Әскери академиясын тәмамдаған. Жоғары арнайы әскери,оперативті-стратегиялық білімі бар офицер.

Еңбек жолын 1989 жылы танк полкінің азық-түлік қызметініңбасшысы болып бастады. Түрлі жылдары ҚР Әскери әуе күштерінде, ҚР Қарулыкүштерінде, ҚР Қорғаныс министрлігінде, ҚР Республикалық гвардиясында, ҚРҚауіпсіздік Кеңесінде қызмет атқарды.

2001–2006 жылдары — ҚР Республикалық гвардия қолбасшысыныңорынбасары.

2008–2010 жылдары — ҚР Қарулы күштерінің тыл бастығы.

2010–2013 жылдары — ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары.

2014–2015 жылдары — ҚР Президенті Әкімшілігінің ҚауіпсіздікКеңесі Хатшылығының меңгерушісінің орынбасары.

2015–2016 жылдары — ҚР Қауіпсіздік Кеңесінің Әскери қауіпсіздікжәне қорғаныс бөлімінің меңгерушісі.

2016 жылғы қазаннан бастап 2019 жылғы сәуірге дейін ҚР қорғанысминистрінің орынбасары қызметін атқарды.

2019 жылғы сәуірден бастап қазіргі таңға дейін ҚР цифрлық даму,қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі бірінші вице-министрі қызметін атқарды.

Соңғы жаңалықтар