ҚР Индустрия және сауда министрі мен Мысыр Елшісі екі елдің сауда-экономикалық ынтымақтастығын дамыту мәселелерін талқылады
19:06, 30 Қаңтар 2009
АСТАНА. Қаңтардың 30-ы. ҚазАқпарат. – Бүгін ҚР Индустрия және сауда министрі Владимир Школьниктің Мысырдың Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Абдалла Омар әл-Арнусимен кездесуі болып өтті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Индустрия және сауда министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Кездесу барысында Қазақстан және Мысыр арасындағы ағымдағы ахуал және сауда, фармацевтика, тоқыма өндірісі саласындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелері жөнінде пікір алмасылды, сондай-ақ сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі қазақстан-мысыр үкіметаралық бесінші мәжілісін Каирде өткізу жайы талқыланды.