ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Өнеркәсіп комитетінің төрағасы тағайындалды

АСТАНА. 22 қаңтар. ҚазАқпарат - 36 жасар Ерлан Мұратов ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Өнеркәсіп комитетінің төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды министрліктің Ақпарат басқармасынан.

Ерлан Мұратұлы Мұратов еңбек жолын 2000 жылы «Теңізшевройл» ЖШС-нің бұрғылау бөлімінде аудармашы болып бастады.

2010 жылдың қараша айынан бастап өнеркәсіп, жерді пайдалану, геологиялық барлау және қазақстандық мазмұн мәселелері бойынша ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің штаттан тыс кеңесшісі болып жұмыс істеді. Өндіру және геологиялық барлау салалары үшін технологиялық полигондарды құруды, сондай-ақ ҚР ИЖТМ жанындағы жоғары технологиялық қызметті құруды әзірлеген.

2012 жылдың маусым айында ҚР ИЖТМ-нің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетіне мемлекеттік қызметке өтті.

2012 жылдың қараша айынан бастап өнеркәсіп, сервисті дамыту және жергілікті мазмұн мәселелері бойынша ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақтан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің кеңесшісі болып тағайындалды.