ҚР Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі тағайындалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Үкіметінің 2014 жыл 7 ақпан күнгі Қаулысына сәйкес, ҚР Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі лауазымына Ерлан Сағадиев тағайындалды, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.

Сағадиев Ерлан Кенжеғалиұлы 1966 жылы туған. Ұлты - қазақ. 1990 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «экономика» мамандығы бойынша білім алған. 1993 жылы АҚШ-та Миннесота штатының экономика университетінде магистр атағын алып шықты. Еңбек жолын 1990 жылы ҚР Сыртқы істер министрлігінде бастаған ол әр жылдары «Жаңа технологиялар. Қазақстан» АҚ-ның басқарма төрағасы, Алматыда Халықаралық бизнес университетінің президенті, Премьер-Министрдің кеңесшісі болды.