ҚР Ішкі істер министрі Мемлекет басшысына ұйымдасқан қылмыс пен есірткі бизнесіне қарсы күрестің барысы туралы баяндады
20:30, 19 Мамыр 2009
АСТАНА. Мамырдың 19-ы. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ішкі істер министрі Серік Баймағанбетовты қабылдады,
деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.С.Баймағанбетов елдегі қылмыстық ахуал жөнінде, қылмыскерлікпен күресті күшейту, қылмыстық қол сұғушылықтан азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын сақтау жөніндегі Елбасы тапсырмаларының орындалу барысы туралы баяндады.Министр сондай-ақ Мемлекет басшысын халықтың ішкі істер органдарына деген сенімін арттыру үшін министрліктің қолға алған шаралары туралы хабардар етті.- Мен ұйымдасқан қылмыс пен есірткі бизнесіне қарсы күрестің барысы және құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі жұмыстар туралы есеп бердім. Заңсыз есірткі айналымына, әсіресе еліміздің оңтүстік өңірлеріндегі осындай жағдайға қарсы әрекеттерге және нашақорлыққа қарсы насихат жүргізуге Үкімет резервінен 40 миллиардқа жуық теңге бөлінеді деп жоспарланып отыр, - деді Серік Баймағанбетов.